Фото:«Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна".
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов жаңа басшыны ұжымға таныстырып, инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде іске асыру және электр станцияларын уақытылы пайдалануға беру міндетін қойды.
Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері қордың компаниялар тобында жұмыс істейді. Бұған дейін «Энергия Семиречья» ЖШС бас директоры, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-да жобалық кеңсе басшысы және инвестициялар жөніндегі бас директор қызметтерін атқарған.
28 қазанда ел басшысы жолдауында "Самұрық-Энергоға" қарасты саланы сынаған соң Жақыповтың алдында осы компнаияға басшылық қылған Қайрат Мақсұтов қызметінен босаған болатын.
Президент Тоқаев халыққа арнаған жолдауында Қазақстанның энергетикалық секторындағы жағдайды сынаған болатын. Ел басшысы Қазақстанның қыста көршілерінен қымбат электр энергиясын сатып алып, жазда оны әлдеқайда төмен бағамен қайтаруға мәжбүр екенін айтқан. Президент сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Алматы және Екібастұз қалаларында жаңа электр станцияларын іске қосу мерзімдерін өткізіп алғанына шүйліккен. Президент Қазақстан жылына 123 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіретінін, бірақ бұл экономикалық даму мен цифрландыру үшін өте жеткіліксіз екеніне де назар аударған.
Природные и культурные достопримечательности курорта Бурабай - в центре внимания международной прессы
