Украинада Ресейдің қанша әскері қаза тапты?

284
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/udYPDkBYrJnS9QxB0iZ907GA70CQoIr9OIIB4UKW.jpg

Украинаға қарсы соғыста қаза тапқан Ресей әскери қызметшілерінің саны 500 мыңнан асуы ықтимал, деп хабарлайды “Адырна” BBC-ге сілтеп.

Басылым мәліметінше, 2026 жылдың 30 қазандағы дерекке сәйкес, ашық дереккөздер арқылы қаза тапқан 285 023 ресейлік әскери қызметшінің аты-жөні анықталған.

Алайда әскери сарапшылардың бағалауынша, бұл нақты шығынның 45–55 пайызын ғана құрайды. Осыған байланысты Ресей әскерінің қаза тапқан қызметшілердің жалпы саны 518 224-тен 663 384 адамға дейін жетуі мүмкін.

Егер бұл есепке өзін-өзі жариялаған «ДХР» мен «ЛХР» қарулы құрылымдарының 21–23,5 мың қаза тапқан жауынгері және қаза болғаны анықталған 2 304 солтүстіккореялық әскери қызметші қосылса, Ресей жағында соғысқан күштердің жалпы шығыны 541 528–689 188 адам аралығында болуы ықтимал.

Зерттеушілердің мәліметінше, нақты санды анықтау қиын. Себебі ресейлік әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы ақпараттың барлығы бірдей ашық жарияланбайды.

Комментарии