Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астанада өткен әлем чемпионатынан кейін тізе буынына ота жасатты, деп хабарлайды “Адырна”.
Дәрігердің айтуынша, спортшы жарыстың алғашқы белдесуінде-ақ тізесінің ауырсынғанын сезген. Кейін балуанға магниттік-резонанстық томография (МРТ) жасалып, тексеру нәтижесінде хирургиялық емдеуді қажет ететін зақым анықталған.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада ота барысы көрсетілген. Мамандар операция кезінде тізе буынының зақымданған аймағына медициналық шаралар жүргізген.
Ризабек Айтмұқан 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарып, еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Новости по теме
