АҚШ әскері Иранның бір аралына соққы жасады

133
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1yipyxgPha5KR9IaENMw6cndv5sLGNrGcqeGDMc9.webp

АҚШ әскери күштері Ормұз бұғазында орналасқан Иранның Кешм аралына соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп. 

БАҚ мәліметінше, АҚШ соңғы бірнеше апта бойы Иран аумағына шектеулі әскери соққылар жасап келген. Америкалық әкімшіліктің кейбір өкілдері бұл әрекеттерді Ормұз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелеріне ықтимал шабуылдардың алдын алуға бағытталған қорғаныс шаралары ретінде сипаттаған.

Вашингтон аталған операциялар туралы ақпаратты әдейі жария етпей отырғаны айтылады. Бұл АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды әскери қимылдарды қайта бастау ниеті бар деген түсінік қалыптастырмау үшін жасалған.

Кешм аралында жерасты зымыран кешені мен әскери-теңіз базасы орналасқан. Бұған дейін де бұл аумаққа АҚШ әскері соққы жасаған.

Комментарии