Каспийде жел күшейіп, толқын биіктігі 6 метрге дейін жетуі мүмкін

168
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/89KJpUOtOq6lGVyIoI8DVTrh0DBK8Y06ySNtNLHM.jpg

Фото: 1news.az

Әзербайжанның Мемлекеттік теңіз және порт көлігі агенттігі Каспий теңізіндегі қолайсыз ауа райына байланысты кемелерге ескерту жасады. Мамандардың болжамынша, теңіз акваториясында жел күшейіп, толқын биіктігі бірнеше метрге дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна".

Report агенттігінің хабарлауынша, 8 қарашада Каспий теңізінде байқалған солтүстік-батыс және солтүстік бағыттағы жел 9 қарашаға дейін жалғасады.

Болжам бойынша, желдің жылдамдығы секундына 18–23 метрге, кей жерлерде 25–30 метрге дейін жетеді. Ал ашық теңізде жел екпіні секундына 32 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Сонымен қатар толқын биіктігі 2,5–3,5 метрге дейін көтеріліп, ауа райы одан әрі қолайсызданған жағдайда 4–6 метрге жетуі мүмкін.

Осыған байланысты Кеме қозғалысын басқару орталығы теңіздегі кемелерге ескерту жариялады.

Комментарии