Фото: Unsplash
Ресейлік «Яндекс» компаниясы қазан айында дата-орталықтарына жасалған дрон шабуылдарынан кейін Yandex Cloud бұлтты платформасындағы қолданушылар деректерінің 2,84%-ын қалпына келтіре алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Компания өкілдерінің хабарлауынша, ақпараттың бір бөлігі жабдықтардың қатты зақымдануы мен резервтік көшірмелердің болмауына байланысты біржола жоғалған.
Инженерлер қолданушылар деректерінің 97,16%-ын қалпына келтірген. Ал резервтік көшіру қызметін пайдаланған қолданушылардың барлық ақпараты толық сақталған.
Осы жағдайдан кейін «Яндекс» қауіпсіздік шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Енді жаңа виртуалды машиналарды іске қосу кезінде резервтік көшірме жасау функциясы әдепкі бойынша қосылатын болады.
Еске салайық, қазан айының ортасында украиналық дрондар «Яндекстің» Владимир, Рязань облысындағы Сасово және Калуга қалаларында орналасқан үш дата-орталығына шабуыл жасаған еді. Салдарынан компанияның бірқатар цифрлық қызметтерінде ауқымды ақаулар тіркелді.
Атап айтқанда, «Яндекс Пэй» төлем платформасының пайдаланушылары белгілі бір уақыт аралығында өз қаражатына қол жеткізе алмай, сатып алуларға төлем жасау, шоттарын толықтыру және ақша аудару кезінде қиындықтарға тап болды. Сол кезде компания пайдаланушылардың қаражаты қауіпсіз екенін және шоттар туралы ақпарат бірнеше дата-орталықта сақталғанын хабарлаған.
«Коммерсантъ» басылымының дереккөздері зақымданған жабдықтарды толық ауыстыру шамамен алты айға созылуы мүмкін екенін айтқан. Ал қолданушылар деректері мен сервистерін жедел орналастыру мақсатында «Яндекс» VK Cloud, Selectel және K2Cloud бұлтты провайдерлерімен ынтымақтастық орнатқан.
Крик души жен и мам бойцов СВО: женщины обратились к Шойгу и потребовали применить опыт Великой Отечественной
