Елде өзен арнасын заңсыз өзгерту әрекеті тоқтатылды

364
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rL13fdwC7epZT6akcXmnjXmJsuWGj45yYJTKL4pS.jpg

Фото: ЖИ

Жетісу облысында Қаратал өзенінің табиғи арнасын заңсыз өзгерту жұмыстары анықталып, тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна” ҚазТАГ-қа сілтеп.

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы облыстық табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында өзен арнасын өзгерту жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органмен келісілмей жүргізілгенін анықтаған.

Заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Темірлан Әбдіқұловтың айтуынша, өзен арнасын заңсыз өзгерту су нысанының табиғи гидрологиялық режимін бұзуы, жағалаулардың шайылуына және жақын аумақтарды су басу қаупіне әкелуі мүмкін.

Ведомство өкілінің сөзінше, мұндай жұмыстар Қазақстан Республикасының су заңнамасы талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуі керек.

Комментарии