Елена Рыбакина Tennis Abstract рейтингтерінде көш бастады

471
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/otnYdNIMNqIxdimyl4G5tqhoL0GMky6mMhF695YQ.jpg

Фото: sport5.by

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Tennis Abstract сараптамалық платформасының маусымдық yElo және жалпы Elo рейтингтерінде бірінші орынға жайғасты. Бұл туралы Sports.kz жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Маусымдық yElo көрсеткішінде Рыбакина 2166,8 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға 2146,1 ұпай жинаған ресейлік Мирра Андреева орналасса, үздік үштікті 2144,0 ұпайы бар америкалық Кори Гауфф түйіндеді. Аталған рейтингте қазақстандық спортшының еншісінде 54 жеңіс пен 14 жеңіліс бар.

Рыбакина жалпы Elo рейтингінде де үздік атанды. Оның көрсеткіші – 2159,2 ұпай. Бұл тізімде Беларусь өкілі Арина Соболенко 2139,0 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Кори Гауфф 2128,2 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты.

Айта кетейік, рейтингтер 16 қарашада жаңартылған. yElo жүйесі теннисшілердің бір күнтізбелік жыл ішіндегі нәтижелерін ескеріп, қарсыластарының шеберлігі мен өткізген матчтарының санына қарай ұпайларды есептейді. Ал жалпы Elo рейтингі соңғы 52 аптадағы ойын нәтижелеріне негізделген.

Сонымен қатар Елена Рыбакина WTA-ның ресми рейтингінде де бірінші орында тұр. 16 қарашадағы мәлімет бойынша, қазақстандық теннисшінің қоржынында 8099 ұпай бар. Ол 7806 ұпай жинаған ең жақын қарсыласы Мирра Андрееваны басып озып, көшбасшылық орнын сақтап келеді.

Комментарии