Фото: Russian.News.Cn
Қытайда әлемдік жібек өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Халықаралық жібек ұйымы ресми түрде құрылды. Бұл – тоқыма өнеркәсібі саласындағы алғашқы халықаралық ғылыми-техникалық ұйым, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеп.
Ұйым Қытайдың бастамасымен құрылған. Оның негізгі мақсаты – жібек өндірісімен айналысатын елдер арасындағы байланысты нығайтып, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Қазіргі уақытта ұйым құрамына әлемнің 20-дан астам елі мен аймағынан 100-ден аса компания мүше болған. Олардың қатарында жібек өндіру және тұтыну бойынша жетекші мемлекеттердің кәсіпорындары бар.
Халықаралық жібек ұйымы жаһандық диалог пен тәжірибе алмасуға арналған алаң ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар дамушы және экономикасы төмен елдерде жібек шаруашылығы мен жібек тоқу өндірісін қолдауға басымдық бермек.
Айта кетейік, жібек өндірісі Қытайдың мәдениеті мен экономикасында ерекше орын алады. Қытай әлемдегі шикі жібек пен дайын жібек бұйымдарын өндіруші және экспорттаушы жетекші елдердің бірі саналады.
2026 жылғы қыркүйекте Қытай дәстүрлі өндіріс салаларын сапалы дамытуға арналған алғашқы ұлттық директивасын жариялаған. Құжат жібек өндірісін қоса алғанда, дәстүрлі салалардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаһандық құн тізбегіндегі орнын нығайтуды көздейді.
Сондай-ақ жұма күні Қытайдың шығысындағы Ханчжоу қаласында дәстүрлі өндіріс салаларының алғашқы көрмесі ашылды. Онда жібек, шай, фарфор, шарап, дәстүрлі қытай медицинасының өнімдері мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Инклюзивное образование в Акмолинской области: как создаются условия для детей с особыми потребностями
Война казахстанских чиновников против отечественных бизнесменов. Изменится ли что-то в ближайшие 7 лет?
