Оқыс оқиға Бразилияның Сан-Паулу қаласында болды. Жергілікті G1 порталының жазуынша, сел салдарынан 36 адам ажал құшты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Сан-Паулуда толассыз жауған жауынның соңы селге ұласты. Сан-Себастьян әкімшілік аймағында 35 адам қаза тапты. Убатуба ауданында да бір тұрғынның жан тәсілім еткені анықтады.
550 адам жағаладағы қоныстарын тастап қашқан. Олардың 338-і үй-күйсіз қалды. Сан-Паулу губернаторы Тарсисио де Фрейтас азаматтық қорғаныс басшыларымен бірге Сан-Кристобалға барған. Онда тәулігіне 600 мм жауын-шашын жауды. Елуге жуық үй қирады. Жергілікті билік карнавал бағдарламаларын тоқтатып, аймақта төтенше жағдай жариялады.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
Но есть еще одно предположение. Естественная причина оттока граждан из СКО – не грады и ураганы, а сам аким Кумар Аксакалов и его подчиненные.