Қатерге бас тігіп қызмет қылған Қазақ елінің құтқарушыларына үстемақы төленеді

3951
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/c15a8mwiore0pfnqzvaidkwkthvnr0vzxpm1uskz.jpg_width1200xheightautoxtype1-960x500-1.jpg
Қатер өтінде жүріп, қалтқысыз қызмет еткен екі мыңнан астам құтқарушыға қосымша ақы төленеді. Бұл жайлы арнайы қаулыны ҚР Үкіметі қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Қосымша ақы, негізінен алғанда,  жедел-құтқару жасақтарының, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының және "Қазселденқорғау" ММ авариялық-құтқару функцияларын орындайтын негізгі персоналдың қызметкерлеріне төленеді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады. Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған түрлі жағдайлар мен қызметтік барысындағы көрсеткіштер және құқықтық қатынастар бойынша қолданылады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии