Алматыда әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр»,— деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.Ұсталған адам аудандық полиция уақытша ұстау изоляторына қамалды. Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түскен еді. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген.
Новости по теме
Шолпан Корганбек посвятила кюй великому поэту, философу-гуманисту, композитору Абаю Кунанбаеву (видео)
Турксибский район Алматы укрепляет зеленый статус: более 772 тыс. деревьев и новые озелененные улицы