Экология министрлігі Абай облысындағы өрттен келтірілген залалды есептеді. Шығын 165 миллиард теңгеден асқаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің, Экология министрлігінің қатысуымен жүргізілген қызметтік тергеуде толық залал 165 миллиард теңгеден асқаны анықталды. Өртенген орманның ауданы – 6 миллион текше метр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев шығын сомасы неге сонша үлкен екенін түсіндірді.
Шындығында, ол қалай есептелді? 30 миллиард – бұл тікелей залал, өртенген ағаш, техника кіреді, ал шамамен 130 миллиард – бұл орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе төмендеуі. Тікелей келтірілген залал 160 миллиард теңге көлемінде, – деп түсіндірді Нысанбаев ОКҚ брифингінде.
В Кокшетау состоялся концерт «Дала сазы», посвященный 25-летию народного фольклорного ансамбля «Кербез сұлу»