Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғалидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды»,- делінген хабарламада.Ғалидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды. 2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып жұмыс істеді.
Новости по теме
Исполнение поручений Президента: вице-премьер Ермек Кошербаев проверил зоны отдыха на побережье озера Алаколь
«Уральск всегда был российским городом»: прокуроры не нашли состава преступления в словах жителя ЗКО