Экология вице-министрі қызметінен босатылды

2177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_5174.jpeg
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғалидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды»,- делінген хабарламада.
Ғалидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды. 2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып жұмыс істеді.
评论
其他材料