Сот, заң, реформа, құқық. Мемлекет ішінде осы төрт ұғымның билігі зор. Бірінсіз құрдымға кетеміз. Барлығын сақтасақ, тәртіпке бағынсақ тасымыз көкке өрлейтіні белгілі. Мемлекет басшысы бастаған сот реформасы жыл сайын қарқынды дамуда. Бастапқыда енгізілген өзгерістердің маңызды аспектілері туралы қысқаша баяндайық.
Соңғы жылдары Қазақстанда сот жүйесінің тиімділігін, тәуелсіздігі мен ашықтығын жақсарту мақсатында кең ауқымды реформалар жүргізілуде. Осы реформалар шеңберінде мынадай өзгерістер енгізілді:
- Қайта ұйымдастыру. Реформа барысында сот мекемелері қайта құрылды, олардың саны азайтылды және олардың жұмыс істеуі оңтайландырылды.
- Электрондық құжат айналымын енгізу. Соттардың жұмысын жақсарту мақсатында электрондық құжат айналымы енгізілді, бұл істерді қарау уақытын қысқартып, процестің ашықтығын арттырды.
- Судьяларды оқыту және біліктілігін арттыру. Оқыту және біліктілікті арттыру арқылы судьялардың кәсіби деңгейін жақсарту бойынша шаралар қабылданды.
- Судьялардың тәуелсіздігін нығайту. Судьялардың тәуелсіздігін қорғауға және олардың қызметіне араласудың алдын алуға бағытталған заңдар мен ережелер қабылданды.