Атырау облысында судан тағы бір адамның денесі табылды

2541
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-14-at-09.57.55.jpeg
Атырау облысында су бетінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы azh.kz-ке сілтеме жасап. Тұрғындар облыстағы Құрсай каналынан ер адамның мәйітін 13 мамыр күні сағат 18.20 шамасында байқаған. Су бетінде қалқыған денені байқағандар құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды. Ал Жылыой аудандық полиция бөлімі 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Қазір ер адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Комментарии