ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Қазақстанға келді

2750
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/6d7e0a5a-04dc-4fdb-b1fa-e555e050ea6f.jpeg

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымы қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына келген ресейлік әріптесімен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Андрей Белоусовты Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылап, кадр дайындау және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы шеңберіндегі оқу-жаттығуларды қоса алғанда, бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл туралы да сөз болды. 2024 жылы Қазақстан ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға, ал Ресей ТМД-ға төрағалық етеді. Тараптар мемлекетаралық бірлестіктердегі ынтымақтастық өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Оның практикалық тұрғыда іске асырылуы көпжақты оқу-жаттығулар шеңберінде де жүзеге асырылады. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесін биылғы жылдың шілде айында Қазақстанның батысында «Бірлестік» оқу-жаттығуы өтетінінен хабардар етті. Бірлескен іс-қимылдардың жоспарына сәйкес Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери контингенттері қарулы қақтығыстарды оқшаулауға және заңсыз құралымдарға қарсы іс-қимылға байланысты оқу-жауынгерлік міндеттерді бірлесіп пысықтайды. Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс ведомстволарының басшылары көпжоспарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Комментарии