Депутат қайын атасының арқасында министр болмағаны айтылды

2753
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/photo-output-3-960x500.jpeg?token=c7620c53cd1faa06aa8c8ded4c36c67a
Министрдің қызметке тағайындалуына қатысты пікірлер пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке 19 маусым күні Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің тарапынан сұрақтар қойылды.
«Бізде министрлердің кандидатурасын Мәжіліс бекітеді. Сіздің қайын атаңыз сіздің кандидатураңызға дауыс берген депутаттардың тізімінде болды ма?» — деп сұрады журналист. Министр қайын атасы Дүйсенбай Тұрғановтың Мәдиев кандидатурасын дауысқа салған комитеттің мүшесі емес екенін айтты.
«Бұл комитетте ол болған жоқ», — деді Жаслан Мәдиев.
Комментарии