Тағы да АН-2 ұшағы құлады. Ұшқыш аман

2806
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_2119.jpeg
Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. ТЖМ мәліметінше зардап шеккендер жоқ.
«Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы көтерілу кезінде өртенді», - делінген хабарламада.
Ұшқыш жанып жатқан ұшақтан өз бетінше эвакуацияланған. Қазір өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, 3 мамыр күні Қостанай облысында су басқан аймақта қалған науқасты құтқаруға барған санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшыраған еді.  Мұндай апат АН-2 ұшағында жиі болады. Aviation Safety Network жобасының онлайн базасында ұшақ 618 рет әуе апатына ұшырап, салдарынан 776 адам қаза тапқан. 2021 жылдың 4 шілдесінде сағат 07.00-де Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш егістігін өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады. Ол ұшып шыққаннан кейін бірнеше сағаттан соң техникалық ақау салдарынан қонуға мәжбүр болып, егіннің үстіне құлаған. 2022 жылдың 11 ақпанында АН-2 ұшағы Камчаткадағы Коряки ауылының маңында құлаған. Қаза тапқандар жоқ. 2024 жылдың 19 шілдесінде Ан-2 ұшағы Арменияның Котайк облысындағы Егвард қаласының маңында апатқа ұшырады, екі адам қаза тапты. 2024 жылы 3 мамырда Қазақстанның Қостанай облысында тура осы маркалы ұшақ апатқа ұшыраған. 21 шілдеде АН-2 тағы да апатқа ұшырады.
Комментарии