3 жыл 3 айын пробациялық бақылауда өткізбек. Назарбаевтың туысы ақыры бостандыққа шықты

2263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/340b098b-32cd-4d51-94c9-bf2552ed23e7-960x500.jpeg?token=43284b2f9492417f9a0f0f2e64f66e84
4 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қайрат Сатыбалды сыбайлас жемқорлық үшін 6 жылға сотталған еді. Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды. Жазасының қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізетін болды. Түрмеден шыққан ағасын інісі Самат Әбіш қарсы күтіп алды. Оған да сот 8 жыл шартты жаза тағайындаған.
Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, халық пен президенттен кешірім сұраған еді.
Айта кетсек, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған.  Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты оны мүлкін тәркілей отырып 6 жылға соттады. Сондай-ақ биыл тамызда Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шығып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Комментарии