11-12 қарашада Астана қаласында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚР СІМ мәліметінше, кездесуде делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өткізіледі. Олардың қорытындысы бойынша пленарлық отырыстың өтуі және баспасөз конференциясы берілуі жоспарлануда.
Кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
• Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы; • САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер; • Сириядағы «жергілікті» жағдай; • Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу; • Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.
Коллектив театра имени М. Горького поблагодарил Главу государства за решение о присвоении национального статуса
В Астане состоится выставка Creative Aimaq «Наследие Золотой Орды: искусство, рожденное Великой степью»
