Талғарда көшеде пышақпен жүгірген ер адам тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

1898
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9

Қазнетте көшеде пышаққа ұқсас затпен жүгірген ер адамның видеосы тарады. Бейнежазба Талғар қаласында түсірілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға сағат 03:55-те Қонаев пен Абай көшелерінің қиылысында болған.

«Талғарда тұруға қорқып қалдық қой», «Не сұмдық?», «Байғұс әйел шыр-шыр етіп жатыр»,—деп жазды желі қолданушылары.

Алматы облыстық ПД мәліметінше, аталған факт бойынша полицияға шағым түспеген.

«Десе де, бұл дерек Талғар аудандық полициясында тіркелді. Қазіргі уақытта болған жайтқа қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін тексеру шаралары жүргізіліп жатыр»,—деп толықтырды полиция департаменті.

<
Комментарии