Қазнетте көшеде пышаққа ұқсас затпен жүгірген ер адамның видеосы тарады. Бейнежазба Талғар қаласында түсірілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқыс оқиға сағат 03:55-те Қонаев пен Абай көшелерінің қиылысында болған.
«Талғарда тұруға қорқып қалдық қой», «Не сұмдық?», «Байғұс әйел шыр-шыр етіп жатыр»,—деп жазды желі қолданушылары.Алматы облыстық ПД мәліметінше, аталған факт бойынша полицияға шағым түспеген.
«Десе де, бұл дерек Талғар аудандық полициясында тіркелді. Қазіргі уақытта болған жайтқа қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін тексеру шаралары жүргізіліп жатыр»,—деп толықтырды полиция департаменті.
<