Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.
Новости по теме
Конкурс «Жігіт сұлтаны» в честь 190-летия Биржан сала, 160-летия Балуана Шолака и 100-летия Рахимжана Кошкарбаева и Кокена Шакеева провели в Акмолинской области