Атырауда әйел адам өз-өзіне қол жұмсады

2316
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/kөpқabatty-suiczid-960x500.jpg?token=d065bad9706306b3eb0d9a25951bd6bc
Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Massaget.kz-ке сілтеп. Жергілікті арналардың бірінде қайғылы оқиға туралы ақпарат пайда болды. Желіде тараған ақпаратта әйелдің жасы 30-да болғаны, ол оқиға орнында көз жұмғаны айтылады. Атырау облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 1979 жылы туған әйел 9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8-қабатынан құлаған.
"Әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған жауапта.
Комментарии