Бразилияның Сан-Паулу қаласында King Air F90 үлгісіндегі екі қозғалтқышты жекеменшік ұшақ жолға құлап, жолаушылар автобусы мен бірнеше көлікке соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN-ге сілтеп.
Қалалық өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған.
Оқиға Авенида Маркес де Сан-Висенте тас жолында орын алған. G1 порталының мәліметінше, ұшақ апатқа дейін шұғыл қонуға әрекеттенген, алайда басқаруды жоғалтып, жол үстіне құлаған. Министр Гульерм Дерриттің айтуынша, әуе кемесінде екі адам болған.
Өрт сөндіру қызметі апатты ауыздықтауға он бір техника мен бірнеше өрт сөндірушіні жұмылдырды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.
Новости по теме
Но есть еще одно предположение. Естественная причина оттока граждан из СКО – не грады и ураганы, а сам аким Кумар Аксакалов и его подчиненные.
Ученика алматинской NIS Даниала Султанова за победу в специальном профиле НТИ «Искусственный интеллект» поздравил Президент Сбербанка Герман Греф