Маңғыстау облысында көшеден нәресте табылды

1762
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/sәbi-saudasy-960x500.jpeg?token=81e5c8337705ac19b220057f5e96e98c

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында тұрғын үйлердің бірінің терезесінің жанынан жаңа туған сәби табылды. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Lada.kz ақпаратына сүйенсек, оқиға 5 мамырда таңғы сағат 09:30 шамасында орын алған. Сәбиді алғаш болып жергілікті тұрғын байқап, дереу жедел қызметтерге хабар берген.

Қазіргі уақытта баланың анасын анықтау және оның қайда екенін табу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәресте перзентханаға жеткізілді, қазіргі таңда оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды жақын маңдағы бөлімшеге жүгінуге немесе сенім телефонына хабарласуға шақырады.

Комментарии