Қызылордада АН-2 ұшағы еріксіз далаға қонуға мәжбүр болды

1072
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8454-960x500.jpeg?token=fe22f3d47b86588d8abeb8f6a64c16b3
Қызылорда облысында АН-2 ұшағы далаға  қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Кеше ТЖМ-нің кезекші бөліміне Қызылорда облысында “Таң-Құмкөл” бағытына бет алған АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде далаға қонғаны туралы хабарлама келіп түсті», – делінген хабарламада. Мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында үш адам болған. Экипажбен байланыс үзілген, олардың қайда екені белгісіз болған. ТЖМ барлық күш пен құралдарды дереу жұмылдырды, іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы да қосылған. «Сегіз сағатқа созылған қарқынды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, түннің ортасында, жоғалғандар далада табылды. Экипаж Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентіне эвакуацияланды. Абырой болғанда, олар медициналық көмекке мұқтаж болмады», – делінген хабарламада.
Комментарии