Түркістанда полицей қамаудағы әйелді зорлаған

1611
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/photo-output-6-960x500.jpeg?token=aeceaebcdd2c9a16c275c1da81d842ef

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты «қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіні зорлады» деп айыпталған полицейге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ер адам 2024 жылдың 17 қыркүйегінде бейнебақылау камерасы орнатылмаған бөлмеде Ж. есімді азаматшаны зорлаған.

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші әйел сот отырысында жыныстық қатынас өз еркімен болғанын, ал арызды жүктілік кезінде депрессия жағдайында жазғанын мәлімдеді. Ал полицей жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын, бірақ қызметтік жағдайын пайдаланғанын айтып, соттан өзін ақтауды сұрады.

«Сотталушының кінәсі сот-биологиялық сараптаманың, ультрадыбыстық зерттеудің қорытындылары, жәбірленушінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабымен, беттестіру хаттамаларымен және істің басқа да айғақтарымен дәлелденді. Сот сотталушыға жаза тағайындау барысында, оның қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларға жәбірленушінің кешірім бергенін және отбасылық жағдайын ескеріп, ал жазасын ауырлататын мән-жайларға құқық қорғау органдарының кәсіби антын бұзғанын таныды»,—делінген хабарламада.

Сот үкімімен полицей кінәлі деп танылып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, себебі сотталушының қорғаушысы апелляциялық тәртіппен шағым түсірген.

Комментарии