Димаш Құдайберген әлемнің 40 елінен келген жанкүйерлерімен кездеспек

1286
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7459-960x500.jpeg?token=c0e477e0ea3a8b65be34e34a4ca197f1

Бүгін, 26 мамырда белгілі әнші Димаш Құдайберген Almaty Arena стадионында «D and Dears» атты фан-кездесуін өткізеді. Ticketon билет операторының мәліметінше, бұл кешке 40 елден астам жанкүйерлерге билет сатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Іс-шара әншінің туған күніне орай өткізілмек. Сағат 20:00-де басталатын фан-кездесуге 8 мыңға жуық адам жиналады деп жоспарланып отыр.

Концерт режиссері Назгүл Қарабалина «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұқбатында кештің ерекше өтетінін атап өтті.

«Алғашында бұл жай фан-кездесу болады деп жоспарланған. Бірақ арты үлкен концертке ұласып жатыр. Сондықтан аяқ астынан қызу дайындықты бастап кеттік. Бүгін керемет кеш болады. Димаш жанкүйерлерімен біраз сұхбаттасады. Жан-жақтан келген тыңдармандардың сұрақтарына жауап береді, — деді ол.

Айта кетейік, 27 мамырда әншінің «STRANGER» атты жеке концерті Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетіледі.

Комментарии