Қыз алып қашқандар апатқа ұшырағанда бойжеткен қаза тапты

1504
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/346949637279517-960x500.jpeg?token=b3374e23c7ab69229f8dff1e83c980c5

Алматы облысында қыз алып қашқан топ жол апатына түсіп, салдарынан бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаменті қайғылы оқиға 24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Үлкен Алматы айналма жолының 36 шақырымында болғанын мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz автокөлігіне барып, жанынан соқтығысқан.

«Салдарынан Mercedes-Benz аударылып, салонда болған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді»,—делінген хабарламада.

Қазір полиция бейнебақылау жазбаларын, куәгерлердің жауабын және техникалық сараптама қорытындыларын жинап жатыр. Қосымша мәліметтер тергеу барысында белгілі болмақ.

Комментарии