Тәжікстан парламенті төрағасы Путинмен кездесті

1385
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/500552732_1114346344071301_1756136787910786650_n-960x500.jpg?token=f99b186af19c3fff16da75a61339c181

28 мамыр күні түстен кейін Тәжікстан Республикасының мәжіліс төрағасы әрі Душанбе қаласының мэрі Рустам Эмомали Ресейге ресми сапары аясында Мәскеуде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Рустам Эмомалидің баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлағандай, Кремльдегі кездесуде Тәжікстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Парламент жоғарғы палатасының спикері сондай-ақ Ресей президентіне Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жолдауын табыстады.

Ресей тарапынан кездесуге Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко да қатысты.

Рустам Эмомали Мәскеуге ресми сапармен келді. Оның жанында парламент комитеттерінің төрағалары, жоғарғы палата аппаратының басшысы және басқа да ресми тұлғалар бар.

Комментарии