Медеу ауданында екі қабатты ағаш коттедж өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
«Өрт 600 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында жедел штаб құрылған. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден үш газ баллонын сыртқа алып шығып ықтимал жарылыстың алдын алған.
«Өрт туралы кеш хабарланғандықтан, жалын жылдам таралды. Тұрғын үй ағаштан салынғандықтан, өртті сөндіру қиындатты», - деп нақтылады өрт сөндірушілер.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз