600 шаршы метр. Алматыда ағаш коттедж өртеніп кетті

1113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/zauyt-өrt-960x500.jpg?token=3e6f40b5001c21895dd93cbb1a3d0f99
Медеу ауданында екі қабатты ағаш коттедж өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. «Өрт 600 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада. Оқиға орнында жедел штаб құрылған. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден үш газ баллонын сыртқа алып шығып ықтимал жарылыстың алдын алған. «Өрт туралы кеш хабарланғандықтан, жалын жылдам таралды. Тұрғын үй ағаштан салынғандықтан, өртті сөндіру қиындатты», - деп нақтылады өрт сөндірушілер.
Пікірлер