Бүгін Air India әуе компаниясының ұшағы Таиландтағы Пхукет аралында төтенше жағдайда қону жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Пхукеттен (Таиланд) Дели қаласына (Үндістан) бағыт алған рейс ұшақ бортынан жарылыс қауіп бар екені туралы жазба табылғаннан кейін жедел қону сұрауын берген.
Ұшақ Пхукет халықаралық әуежайына қонып, қауіпсіздікке байланысты міндетті тексеруден өтті. Барлық жолаушылар төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес борттан түсірілген.
«Ұшақ круиздік биіктікте ұшып бара жатқанда дабыл сигналы келіп түсті. Осыдан кейін ұшқыш әуеде бағытынан қайтып, Пхукетке оралды», - деді әуе компания өкілі.
Алдын ала тексеріс кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Таиланд әуежайының қызметкерлері жарылыс туралы жазбаны алғаш болып тапқан жолаушыдан жауап алып жатыр.
Айта кетейік, 12 маусымда, Үндістанның Ахмедабад әуежайында Air India компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 242 адамның, тек біреуі аман қалған еді.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз