Мұғалімдерге қосымша 17 мың теңге ақы төленеді - Аймағамбетов

3534
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/f09507d8-248b-4aac-ac8d-56d4b7e465f1.jpeg
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қосымша 17 мың теңгені кімдер алатынын ашық айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
– Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленеді, – деді Аймағамбетов.
Сондай-ақ, математика, информатика пәндеріне ерекше мән беруді ұсынды. – Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі, – деді ол.
Комментарии