Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қосымша 17 мың теңгені кімдер алатынын ашық айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
– Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленеді, – деді Аймағамбетов.Сондай-ақ, математика, информатика пәндеріне ерекше мән беруді ұсынды. – Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі, – деді ол.