Шымкенттік дәрігерлер шетелдік білікті мамандармен тәжірбие алмасады

5446
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/da083390-daea-44ed-84ab-d118962efd90.jpeg
8 сәуір күні №1 қалалық клиникалық аурухана базасында «Эндопротездеу және остеосинтездің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді. Шара аясында Германия, Ресейден келген дәрігерлер мен №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады. Ынтымақтастық туралы келісім аясында жергілікті дәрігерлер шет елдік мамандармен бірігіп күрделі оталар жасайтын болады. Сондай-ақ аталған мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарлануда. №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері А.Домбай мұндай шетелдік тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сонымен бірге Шымкентте медициналық туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді дейді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

   
Комментарии