Шымкент әкімі дизельді генератор өндіретін зауыт жұмысымен танысты

5629
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/60397f4d-a607-4197-b62b-8feef00eb701.jpeg
Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС-ы орналасқан. Онда жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталмыш мекеменің жұмысымен танысты. Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асты. Құны - 300 млн теңге. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады. Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын. Зауыттың жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

   
Комментарии