Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Рамазан айы қарсаңында Алматы тұрғындарына үндеу тастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі дереккөзге сілтеме беріп.
«Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу тастаймыз. Өткен жылы ауызашар жиындарын жиі өткізу, аурудың күрт өсуіне әкеп соққан еді. Биылғы жылы ұжымдық іс-шаралар, соның ішінде үйде, бір отбасының мүшелері ғана қатыса алады. Біз бұқаралық ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салдық, оны есте сақтау керек. Бұл сіздің де мүддеңізге сәйкес келеді », - деді Бекшин.
Еске салайық, 2 сәуірде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойдған еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
Депутаты демпартии «Ак жол» требуют от минздрава обязать ТОО «СК-Фармация» работать с частными аптеками и организовать доставку лекарств в регионы и малые города
Свыше 3 тысяч рабочих и более 1800 единиц техники: в Астане продолжается круглосуточная очистка от снега
