Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізеді. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек. Келіссөздер барысында өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі", - деді Берік Уәли.Тоқаев осыған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға телефон шалған болатын.
Новости по теме
Заместитель акима Акмолинской области Ернар Жаркешов провел рабочее совещание по вопросу дальнейшей газификации Акмолинской области