Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ақорда" ресми сайтына сілтеме жасап.
Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Петропавлда дүниеге келген.
Білімі: құқықтану мамандығы бойынша Омбы мемлекеттік университетін және академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыштық университетін бітірген.
Мансабына келер болсақ, кей кездерде ағылшын аудармашысы боп, кейін, салық полициясының инспекторы болып жұмыс істеді. Ол Петропавл қалалық сотының және Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы болған. 2011 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болды. 2015 жылдан бастап ол Жоғарғы Соттың судьясына тағайындалды.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз facebook парақшасында жарияланған Д.А.Шиппті тағайындау туралы постының астына халық өз қарсылығын білдіріп жатыр.
"Саяси лауазым. Ұлттық кадр болу керек еді!", "Өзіміздікі өзектен тепті, өзге қайтер екен", "Қарсымын!",- деген пікірлер өте көп.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
В 2023 году местными исполнительными органами города Конаев и районов определены неиспользуемые пастбищные угодья 601 субъекта общей площадью 285,5 тыс. га
Строительство горного курорта удержит молодёжь в стране: на слушаниях по Almaty SuperSki обсудили создание 15 тысяч рабочих мест
