Тоқаев жеткіліктілік шегін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартты

2631
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/46926f4a-d4b4-4be0-ab10-4bd7387668d7-960x500.jpeg?token=fb8ed6f6dbfc13a0eddad9df7a23a523
Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты жеткіліктілік шегін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты. Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды", – деп жазды ол.
"Адырна" ұлттық порталы. 
Комментарии