Азаматтарымыз көшеде алаңсыз жүре алады — Тоқаев

1601
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pWKnAzHnQtukUrneAULlBVJXtg2VglIxldGFURTd.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтаймын. Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға және азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосып жүрсіздер»,—деді ол құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Айтуынша, мемлекет құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және заң мен тәртіп орнатуға ерекше мән беріп келеді.

«Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік. 2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 4 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30 пайызға кеміді. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80 пайызға азайды. Бұл – азаматтарымыз көшеде ештеңеден қауіптенбей, алаңсыз жүре алады деген сөз»,—деді президент.

Yorumlar
Diğer Haberler