Тоқаев Әлиевті бейбітшілік декларациясына қол қойылуымен құттықтады

1141
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PPnomrNO4FTGKEGQA4BEeQ5UjkuLTdXyAxgkmVEM.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы құжаттың халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысына сай қабылданғанын және бұл қадамның екі елдің стратегиялық мүдделеріне толық сәйкес келетінін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, бұл келісім Кавказ өңірінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді. Қазақстан Әзербайжанның стратегиялық серіктесі ретінде өңірде бейбітшіліктің орнауын шын жүректен қолдайды.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың алдағы уақытта келіссөздер алаңын ұсынуға дайын екенін растады. Сондай-ақ ол Әлиевтің көшбасшылығымен Әзербайжанның халықаралық беделі арта түскенін айтты.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Тоқаевтың құттықтауына алғыс білдіріп, ұзақ жылдар бойы нәтижесіз өткен келіссөздерден кейін қол жеткізілген бұл келісімнің тарихи маңызын атап өтті. Әзербайжан Президенті Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Сұхбат соңында тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Yorumlar
Diğer Haberler