Интернаттан шу шықты. Оқушыны дәретханаға кіргізген кім?

1817
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xf0uFqxhLh9M77RQUxKvV7TNxtnAGQMgVYjpPHe9.jpg

Жамбыл облысында Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернатта оқушылардың қатысуымен болған оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кадрларда бір топ ұл баланың қызды әжетханаға күштеп кіргізген сәті көрінеді. Айта кетейік, бұл интернат көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 5 сәуір күні болған. Анықтау жұмыстарының қорытындысы бойынша мектеп-интернаттың бірқатар қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылған.

«Аталған дерекке байланысты интернаттың бірнеше маманы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ болған жағдайды құзырлы органдарға дер кезінде хабарламағаны үшін мекеме директорына да тәртіптік жаза берілді», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, білім басқармасы Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектеп директорының әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғау туралы ұсыныс жолдаған.

Қазіргі уақытта полиция аталған дерекке құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізіп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler