Бүгін сағат 16:26 шамасында Алматы тұрғындарының телефондарына шұғыл хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды “Адырна”.
Онда жер сілкінісі жайлы айтылғанымен, шын мәнінде ешқандай дүмпу болған жоқ.
Хабарламада былай делінген:
Ұлттық ескерту! Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерге жасырылыңыздар. Толқындар басылғаннан кейін ғимараттан шығып, қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыздар! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыздар. Қосымша ақпарат Алматы қаласының ТЖД мен әкімдіктің сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады, - делінген хабарламада.
Бұл хабарлама қала тұрғындарының арасында дүрбелең туғызды.
Ал ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.