Үкімет отырысында жаңа министр ант берді

1532
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/04i0OajwhvQNAYKOW5N0SiEgDX8jTkY2kmcudBPi.jpg

Үкімет отырысында жаңа оқу-ағарту министрі болып тағайындалған Жұлдыз Сүлейменова салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Премьер Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен отырыста Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған министр ант қабылдады. Ол салтанатты рәсім кезінде Қазақстан халқына және Президентке адал қызмет етуге, Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға, елдің дамуына өз білімі мен күш-жігерін жұмсауға уәде берді.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Үкімет басшысы жаңа министрді құттықтап, оның алдында білім беру сапасын арттыру, ұстаз мәртебесін көтеру және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау сынды маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, отырыс кезінде үкіметтік байланыс телефоны шырылдады. Қоңырауға жауап берген премьер 12 минутқа отырыстан шығып кеткені хабарланды.

Yorumlar
Diğer Haberler