Димаштың Мексикадағы тұңғыш концерті аншлагпен өтті

1411
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mzRnzS0oIlLANX5DZntBrIpwoCYKkhlVflGfAWMG.jpg

Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы концерті аншлагпен өтті. Бұл туралы әншінің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна».

 8 қазан күні Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы тұңғыш жеке концертінде – Мехико қаласының ең әйгілі концерт залдарының бірі "Auditorio Nacional" сахнасында бірде-бір бос орын болған жоқ.

 "Концерт басталмай жатып-ақ залдың дәліздерінде тыңдармандар үлкен топ болып мексиканың ұлттық әндерін шырқап, Димаштың есімін футбол жанкүйерлеріндей ұрандатып, ерекше әсерлі атмосфералық көңіл-күй сыйлады", - деп жазған әлеуметтік парақшада.

 Димаш ән кешін "Golden" және "Smoke" әндерімен бастады. Ол көрермендерге қазақ, ағылшын және испан тілдерінде сәлем жолдады.

 Димаштың итальян тілінде орындаған "Olimpico", қытай тіліндегі "Battle of Memory", орыс тіліндегі "Любовь уставших лебедей", французша "SOS D’un Terrien En Détresse", испанша "El Amore En Ti", ағылшынша "The Story of One Sky", сондай-ақ қазақ тіліндегі "Махаббат бер маған" және "Ave Maria" әнін көрермендер зор ықыласпен қабылдады.

Бүгін әншінің екінші концерті өтеді. Концертке билет 8 минутта сатылып кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін оның Нью-Йорктегі концерті де аншлагпен өткен еді.

Yorumlar
Diğer Haberler